Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Желі ішінде танымал парақша авторының үстінен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Бүгін Алматы полициясы әлеуметтік желіні бақылау кезінде Instagram-да "Qaznews24" аккаунтына назар аударғанын айтты.

Желі ішінде танымал парақша авторының үстінен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде сатира жанрындағы жаңалықтарымен танымал 25 жастағы Темірлан Еңсебектің үйі тінтіліп, өзін департаментке алып кеткені туралы ақпарат тарады.

Ол Instagram желісінде жаңалықтар парақшасын ашқан. Дәлірек айтсақ, ол жерде жалған жаңалықтар жарияланып отырған. Сондай-ақ Qaznews24 парақшасының сипаттамасында жарияланғанның бәрі сатира екені көрсетілген.

Мысалы, "Жылына бір рет – қазақстандықтардың шетелге шығуына шектеу қойылады", "683 432 теңге қазақстандықтың 2021 жылғы орташа айлық жалақысы – Ұлттық статистика бюросы", "ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мефедронды заңдастыруды ұсынды", "Қазақстандықтарға шетелге шығу үшін көші-қон полициясынан шығу визасын алулары керек" және тағы басқа тақырыптағы ақпараттар үлкен резонанс тудырды. 

Бүгін Алматы полициясы әлеуметтік желіні бақылау кезінде Instagram-да "Qaznews24" аккаунтына назар аударғанын айтты.

"Бұл хабарламалардың қисынсыздығына қарамастан, қолданушылар белсенді түрде репост жасап, жедел хабарламалар арқылы бір-біріне жалған жаңалықтар жіберіп, скриншоттар жасап, оларды басқа ақпараттық ресурстарға көшіріп отырды", - делінген Polisia.kz хабарламасында.

Анықталмаған ақпаратты жариялау фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі.

Тергеу әрекеттерін жүргізу үшін Темірлан Еңсебек полицияға жеткізілді. Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жалғасуда.