Бастапқыда рейстер А-321Neo әуе кемесімен аптасына 1 рет орындалады.
22 мамырдан бастап Түркістан – Ыстамбұл бағытында жаңа рейс ашылады. Рейстерді Turkish Airlines әуе компаниясы орындайды, деп хабарлады азаматтық авиация комитеті.
Ведомствоаралық комиссия екі түрік әуе компаниясына Түркістан – Ыстамбұл бағытында халықаралық тұрақты рейс ашуға және Шымкент Ыстамбұл бағытында тұрақты рейсті қайта бастауға рұқсат берді.
Осылайша, Turkish Airlines әуе компаниясы 2021 жылдың 22 мамырынан бастап Түркістан – Ыстамбұл – Түркістан бағытында жаңа рейстер ашуды жоспарлап отыр. Бастапқыда рейстер А-321Neo әуе кемесімен аптасына 1 рет орындалады.
Сонымен қатар түріктердің Pegasus Airlines әуе тасымалдаушысы 2021 жылдың 23 мамырынан бастап Шымкент және Ыстамбұл қалалары арасында тұрақты рейстерді орындауды қайта бастайды. Рейстер бастапқы кезеңде B-737 әуе кемесімен аптасына 1 рет орындалады.
Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай рейстер санын кезең-кезеңімен көбейту жоспарланған.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтап және әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.