Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

"Үйқамақта отырған" Елжан Біртанов сотта мәлімдеме жасады

Сот оның 5 баласы барын (үшеуі әлі кішкентай), жасы келген анасы барын, сондай-ақ үйқамақта отырған кезеңде ереже бұзбағанын ескерді.

"Үйқамақта отырған" Елжан Біртанов сотта мәлімдеме жасады
Фото: ашық дереккөз

Бұрын Денсаулық сақтау министрі болған Елжан Біртанов бүгін сотта сөз сөйлеп, тергеу органдары оған әлі айып тақпағанын мәлімдеді. Сондай-ақ БАҚ-та жарияланған «Прокурор Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін ұзартуды сұрады» деген ақпаратқа қатысты пікірін айтты.

«Кеше бірқатар БАҚ прокурордың маған айып таққаны туралы қате немесе әдейі жазылған ақпарат таратты. БАҚ өкілдеріне маған әлі айып тағылмағанын, тергеу әлі жүріп жатқанын хабарлағым келеді. Қазір күдіктің негізділігі мен күдікті ретінде менің құқығымды шектеу туралы мәселе ғана қаралып жатыр.

Еске сала кетейік, 5 мамырда сот Елжан Біртановтың үйқамақта ұстау мерзімін ұзарту мәселесін тағы қарап, прокурор Төлеген Жарасбаев экс-министрді үйқамақта ұстау мерзімін 1 айға – 14 маусымға дейін ұзарту туралы өтінішін құптауды сұрағаны жайлы ақпарат тарады.

«Ұрлық пен жымқыру күдіктерінің заңдылығы мен негізділігін растайтын сенімді деректер жоқ екенін айтқым келеді. Мен денсаулық сақтау министрінің міндеттерін атқарғанда осы істе де, басқаларында да қандай да бір сыбайлас жемқорлыққа қатысым жоқ екенін тағы да жария түрде мәлімдеймін», - деді Біртанов.

21 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен экс-министр Елжан Біртановқа қатысты үйқамаққа алу мерзімі ұзартылды. Алайда белгілі бір уақытқа (тағы сағат 8-ден кешкі сағат 19-ға дейін) үйінен шығуына рұқсат берілді.

Сот оның 5 баласы барын (үшеуі әлі кішкентай), жасы келген анасы барын, сондай-ақ үйқамақта отырған кезеңде ереже бұзбағанын ескерді.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 3 қарашасында бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынды.