Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Вакцина алмасаң, анықтама бермейміз": түркістандықтарға екпені күштеп салдырып жатыр (ВИДЕО)

Бұл жолы да министрліктегілер "екпе тек ерікті" түрде салынады деуден жаңылған жоқ.

"Вакцина алмасаң, анықтама бермейміз": түркістандықтарға екпені күштеп салдырып жатыр (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысының тұрғындары вакцинаны күштеп салдырып жатқанына наразылық білдірді, деп хабарлады "Астана" телеарнасына сілтеме жасаған Paryz.kz.

Медицина қызметкерлері "екпе салдырмасаң, тиісті құжатыңды бермейміз" деп талап қояды екен.

"Қызым екі күндей тұмауратып үйде жатып қалды, сабақтан қалды. Сосын апайы анықтама әкел деген соң әкесі ауруханаға барды. Сен вакцина алмасаң, анықтама бермейміз деген. Негізі салдырғысы келмеген еді", - дейді Түркістан облысының тұрғыны Лаура.

Бұл жолы да министрліктегілер "екпе тек ерікті" түрде салынады деуден жаңылған жоқ. Мұндай факт анықталса, емхана қызметкеріне тиісті жаза қолданамыз деп отыр.

"Ол асыра сілтеу деп есептейміз. Министрліктен мұндай нұсқау берілген жоқ. Сондықтан ондай жағдайлар кездессе, қай мекемеде болғаны туралы нақты факті ұсынуды сұраймыз", - деді денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар Ғиният.

Ажар Ғиниятқызы вакцинаны күштеп салдырып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталса кім жауап беретінін де нақтылады.

"Вакцина алған соң жағдайы нашарлайтын болса, сол вакцина салған мекеме жауап береді", - деп түсіндірді ол.

Қазір қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы үш препарат ұсынылып отыр. Олар: отандық "QazCovidIn", ресейлік "Sputnik V" және Қытайдың мен Біріккен Араб Әмірлігінде құйылған "Hayat Vax".