Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Биыл ҰБТ қалай өтеді?

Сондай-ақ, ҰБТ өткізу пунктінде медициналық пункт ашылып, желдеткіш жүйесі орнатылды.

Биыл ҰБТ қалай өтеді?
Фото: ашық дереккөз

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің білім беру және тәрбие нысандарын бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Дина Суханберлиева пандемия кезінде түлектер тестілеуден қалай өтетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық бірыңғай тестілеу 6 мамыр мен 30 маусым аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында екі лекке алдын ала жазылу бойынша өткізіледі, қатысушылардың жалпы саны - 11 337 адам.

"Барлығы үш тестілеу залы болады, күн сайын ҰБТ-ға 600 оқушы жіберіледі. Отырғызу санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды ескере отырып жүзеге асырылады", - деп түсіндірді ДСЭК өкілі Дина Суханберлиева.

Сондай-ақ, ҰБТ өткізу пунктінде медициналық пункт ашылып, желдеткіш жүйесі орнатылды. Оқушылардың әрқайсысына бөтелкедегі су беріледі.

Сонымен қатар, барлық оқушы кіре берісте бетперде киіп, қолдарын санитайзермен өңдеп, термобақылаудан өтуі керек.

Суханбердиева ата-аналар мен мұғалімдерге, сондай-ақ, барлық бөгде адамдарға тестілеу пункттеріне келуге тыйым салынатынын хабарлады.

"ҰБТ-ны өткізуге ата-аналар, оқытушылар және адамдардың көп жиналуын болдырмау мақсатында басқа да адамдар жіберілмейді. ҰБТ қатысушыларына еріп жүрмеуге шақырамыз", - деп атап өтті Дина Суханберлиева.

ҰБТ-ның қалай өтіп жатқанын онлайн-трансляция режимінде көруге болады.