Таразда жауыз адамдар күшіктердің басын кесіп тастаған (ФОТО)

Суреттер @animal__security Instagram-дағы парақшасында жарияланды. 

Таразда жауыз адамдар күшіктердің басын кесіп тастаған (ФОТО)
Фото: дереккөз

Таразда белгісіз біреулер иттің көзін ойып, күшіктерінің басын кесіп тастаған, деп хабарлайды Paryz.kz.

Суреттер @animal__security Instagram-дағы парақшасында жарияланды. Еріктілердің сөзінше, иттер бөтен біреудің аймағына өтіп кеткендіктен оларды осылайша "жазалаған" екен. 

"Ит жаңа туған, күшіктерінің басын кесіп тастаған, ал аналарының көзін ойып алған", - делінген хабарламада.