Қаулы 3 мамырдан бастап күшіне енді.
Қазақстанда 3 мамырдан бастап жұма намазын ашық ауада оқуға рұқсат берілді. Бұл туралы елдің бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысында жазылған.
Қаулыға сәйкес, елдегі мешіттер аумағында жұма намазын оқуға рұқсат беріліп отыр.
"Мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде "жұма намазы", күнделікті православиелік дұғалар және басқаларын) ашық ауада өткізу маска режимі мен бір адамға кемінде 4 метр есебінен әлеуметтік арақашықтық сақталған кезде жүзеге асырылады", - делінген қаулыда.
Қаулы 3 мамырдан бастап күшіне енді.