Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Журналистер одағының басшысы З. Әліпбек: «Журналист – жауапты мамандық»

Журналист деген кім?» риторикалық сұрағымен журналист зерделенген, зерттелген, яғни әбден саралап, пісірілген нақты ақпарат таратушы екенін алға тартты. 

Журналистер одағының басшысы З. Әліпбек: «Журналист – жауапты мамандық»

Елімізге белгілі журналист Зейін Әліпбек өзінің Facebook парақшасында белсенді Жанболат Мамайдың «журналистік зерттеуі» туралы жеке ойын білдірді.

«Әлеуметтік желіде Бауыржан Байбек пен Жанболат Мамай арасындағы сөз таласты мен де көрдім, оқыдым, жарияланып жатқан ақпараттарды ой елегінен өткіздім. "BAQ KASIPODAQ" салалық кәсіподағының басшысы ретінде, жалпы бүкіл өмірін журналистикаға арнаған азамат ретінде пікір білдіргенді жөн санадым», – деп сөзін бастады З.Әліпбек.

«Журналист деген кім?» риторикалық сұрағымен журналист зерделенген, зерттелген, яғни әбден саралап, пісірілген нақты ақпарат таратушы екенін алға тартты. Ал Жанболат Мамайдың өзінің зерттеуінде дейексіз ақпараттарды айтып, жалған фактілерді таратумен айналысқанын журналистикалық зерттеуге мүлдем жатқыза алмайтынын жеткізді.

«Жанболат бауырым журналист болмаса да, қоғамдық резонанс тудырған мәселеге бей-жай қарай алмадым. Бауырым жеке пікірін журналистік зерттеу деп жариялады. Ал оның елге таратқан ақпараты жоғарыда мен жауап берген сұраққа сәйкес келмейтініне көзім жетіп отыр», – деді қаламгер.
Зейін Әліпбек ақпарат жариялаудың өз этикасы барын айтып, негізсіз мәліметпен елді дүрліктіруден алыс болуға шақырды. Ол Мамайдың кешірім сұрау керектігін, мәселені әрі қарай шиеленістіруге болмайтынын ескертті.
«Ақпараттардан білгенім, Бауыржан бауырымыз жалған ақпараттардың кесірінен өзіне және отбасына келтірілген моральдық зиянға материалдық өтемақы өндіріп алудан бас тартыпты. Бұл – тәрбие көрген азаматтың ісі деп білемін. Ендігі кезек Жанболат бауырымда. Көпшіліктің алдына шығып, кешірім сұраған дұрыс деп есептеймін. Мәселе тереңдеген сайын шиеленісе түседі. Абай айтқандай, «Біріңді қазақ, бірің дос, Көрмесең істің бәрі бос», – деп ой түйді автор.