Төтенше жағдай режимі қайта енгізіле ме? - ДСМ жауап берді

Қазіргі таңда төтенше жағдай режимі қарастырылып жатқан жоқ.

Төтенше жағдай режимі қайта енгізіле ме? - ДСМ жауап берді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой төтенше жағдай режимі қай кезде енгізілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазіргі таңда төтенше жағдай режимі қарастырылып жатқан жоқ. Бірақ заңға сәйкес, бұл режим мемлекет басшысының жарлығымен енгізіледі және мемлекеттік комиссияда қабылданады. Төтенше жағдай жариялауға негізгі критерий – елдегі ауыр санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және төсек-орын қорының 70%-тен астамының науқастарға толуы", - деді Цой халыққа есеп беру кездесуінде.

Яғни, оның айтуынша, денсаулық  сақтау жүйесіне ауыр салмақ түскен жағдайда қатаң шектеу шаралары үшін осындай шешім қабылданады.