Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Ауруханадан қашып кетті": коронавирус жұқтырған азаматтың өлі денесі көшеден табылды

Ер адамның өзгелерге дертті жұқтыруы мүмкін екендігін ескерген полиция дереу іздеу жариялайды.

"Ауруханадан қашып кетті": коронавирус жұқтырған азаматтың өлі денесі көшеден табылды
Фото: ашық дереккөз

Коронавирус жұқтырып, ауруханада емделіп жатқан жерінен қашып кеткен оралдық азаматтың өлі денесі бір айдан кейін көшеден табылды, деп хабарлады Paryz.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті марқұмның іздеудегі Анатолий Максин есімді қала тұрғыны екенін растады. Дәрігерлердің дерегінше, ол облыстық ауруханада бір апта емделген. Компьютерлік томография жасалғанда өкпесінің 50 пайызы жарамсыз екендігі анықталыпты. Алайда 65 жастағы азамат, белгісіз себептермен ауруханадан қашып кеткен.

Ер адамның өзгелерге дертті жұқтыруы мүмкін екендігін ескерген полиция дереу іздеу жариялайды. Бірақ оған қатысты дерек тек бір айдан кейін шығып отыр.

"Науқас 26-наурызда түсті. Оған вирусқа қарсы дәрілер егілді. Ешқандай қарсылығын білдірмесе де, қашан жазылатынын сұраумен болды. Бірақ 1-сәуір күні өз бетімен стационардан шығып кетті. Күзетшілер оның қалай шығып кеткенін көрмеген, орнында жоқ екенін кешкі процедура кезінде анықтаған. Сосын дереу полицияға хабар бердік", - дейді БҚО көпбейінді аурухананың директоры Арман Бәйдеуов. 

"Тексеріс барысында оның Анатолий Максин екені анықталды. Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық, ешқандай жарақат іздері табылған жоқ. Өлімнің неден екенін білу үшін сот-дәрігерлік сараптама тағайындалды", - дейді БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің маманы Кәмшат Серікқызы.