Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Әскерилердің жалақысы 70 пайызға көтеріледі

Министр әскери қызметшілерді вакциналау мәселесіне де тоқталды.

Әскерилердің жалақысы 70 пайызға көтеріледі
Фото: ашық дереккөз

Әскерилердің лауазымдық жалақысы 70 процентке көтеріледі. Бұл туралы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдау мәселесі ел басшылығының ұдайы назарында. Жоғарғы бас қолбасшы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шешімімен ағымдағы жылы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілердің лауазымдық айлығы 35 процентке артты. Алдағы үш жылда лауазымдық айлықты 70 процентке дейін көтеру жоспарлануда ", - деді Ермекбаев астанада өткен шарада.

Министр әскери қызметшілерді вакциналау мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі кезде 9 әскери медициналық мекемеле екпе егу пункттері ашылды. Сондай-ақ, әскери қызметшілер тұрғылықты жері бойынша кез келген емханада вакцина салдыра алады. Осы уақытқа дейін жеке құрамның 35 проценті коронавирусқа қарсы екпе екті.