Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Биыл ҰОС ардагерлеріне 1 миллион теңгеден беріледі

Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер 102 095 теңге (35 АЕК) алады.

Биыл ҰОС ардагерлеріне 1 миллион теңгеден беріледі
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан әкімдігі Жеңіс күніне орай ардагерлерге қанша теңге біржолғы төлем төленетінін айтты, деп жазады Paryz.kz.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің ақпаратынша, елордада 25 ҰОС ардагері тұрады. Оларға биыл 9 мамырға орай 1 миллион теңге төленеді.

Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер 102 095 теңге (35 АЕК) алады.

Бұл санатқа ҰОС кезінде қызмет еткен әскери қызметкерлер; фашистік Германияға қарсы соғыс қимылдарына қатысқан адамдар; Ленинград қаласындағы блокада кезінде жұмыс істеген азаматтар; концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар; әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты балалары жатады. Барлығы –  415 адам.

Сонымен қатар, тыл ардагерлері, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектерінің әйелі, еңбек ардагерлеріне 32 087 теңге (11 АЕК) беріледі.

Басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – 708 адамға 58 340 теңге (20 АЕК) төленеді.

Нұр-Сұлтан әкімдігі осы жылы барлығы 3 843 адамға 195 159 583 теңге төлеу жоспарлап отыр.