Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Жесір әйелді балаларының көзінше балтамен ұрған қаскөйді полицейлер жақтаған (ВИДЕО)

Алайда жәбірленушінің әпкесі қанды қылмыстың алдын алуға асықпаған Полиция департаментін түгел тексеруді талап етіп, Ішкі істер министріне шағымданбақшы. 

Жесір әйелді балаларының көзінше балтамен ұрған қаскөйді полицейлер жақтаған (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Атырауда жесір әйелдің басынан балтамен ұрып, өзі асылып өлген күдіктіге жақтасқан жеті полицей жұмыстан қуылды. Өз ісіне салғырт қараған сақшыларды қазір өз әріптестері тергеп жатыр, деп хабарлады Paryz.kzКТК телеарнасына сілтеме жасап.

Алайда жәбірленушінің әпкесі қанды қылмыстың алдын алуға асықпаған Полиция департаментін түгел тексеруді талап етіп, Ішкі істер министріне шағымданбақшы. 

«Өз басым учаскелік полицейге хабарласып, мән-жайды баяндадым. Жағдай ушығып, олар кешігіп жатқан соң тағы хабарласқанымда, телефон тұтқасын зорға көтерді. Кейін қатқыл дауыспен: «Қазір барады ғой, ұшамыз ба енді?!» деп жауап берді. Олар дер кезінде келгенде, қан төгілмес еді. Тәртіп сақшылары сіңлімнің осыған дейін жазған арыз-шағымына да құлақ аспады. Ішкі істер министрінен өтініп сұраймын, барлығын өз бақылауына алса деймін», - дейді жәбірленушінің әпкесі Алиса Сатанова.

Қазір басына балта тиген келіншектің жағдайы жақсы дейді дәрігерлер. Күрделі ота жасауды қажет етпейді екен. Ал анасын балталап жатқанын көзімен көрген бүлдіршіндер әлі де психологтардың бақылауында.

Өткен аптада махаббатқа мас болған күдікті жесір келіншекті басынан балтамен ұрып, кейін өзі асылып қалған. Ол жәбірленушінің қыр-соңынан қалмай, бірнеше ай бойы зәбір көрсеткен. Әбден қорқып қалған әйел полицияға бірнеше мәрте шағымданыпты. Бірақ тәртіп сақшылары оның арызын қабылдамай, «күдіктіге еш шағымым жоқ» деп қолхат жазуға мәжбүрлеген.