"Сіздерде кілем ұшақ бар ма?": "Семейдің жолы 78% жақсы" деп желіде есеп берген әкімнің басы дауға қалды

Сонымен қатар, әкім пікірлердің біріне жауап беруді жөн көрген.

"Сіздерде кілем ұшақ бар ма?": "Семейдің жолы 78% жақсы" деп желіде есеп берген әкімнің басы дауға қалды
Фото: ашық дереккөз

Семей қаласының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Instagram-дағы парақшасында қаладағы жолдардың 78 %-ы жақсы жағдайда екендігі туралы хабарлама жариялады. Қала тұрғындары бұл пікірмен келіспейтінін жеткізді.

"Жалпы, қазіргі таңда қала жолдарының 78%-ы қанағаттанарлық жақсы деп есептеледі, біздің алдымызда 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 90% дейін жеткізу міндеті тұр. Жолдың сапасына ерекше назар аударылады", – деп мәлімдеді Семей қаласының әкімі өз жазбасында.

Алайда, қала тұрғындары бұл пікірмен келіспейді.

"78%, мұндайды қайдан шығарған? Мүмкін 7-8% шығар? Бүкіл қала жолдары шұрық-тесік, кәріз суы мен нөсер суы жүйесі жұмыс істемейді, жаңбыр жауса, қала суға толады", "Егер қаладағы жолдар километрмен емес, пайызбен өлшенетін болса, мұндай есепті қайдан аласыздар, мысалы, менің үйімнің алдындағы шұңқыр былтырдан бері асфальтталмаған, сіздерде кілем ұшақ бар ма?", "78% көңіл көншіткен жолды қайдан таптыңыздар? Мүмкін "қанағаттандырмайтын" шығар. Сіз нақты Семейдегі жолдарды қарадыңыз ба?", "Қанағаттанарлық дегеніміз (3). Бұл ауыл емес, қала, ал біздің жолдардың деңгейі үштікпен бағаланады. Бұл жеткіліксіз, олар жақсы және керемет болуы керек, әр көктем сайын қаладағы жолдар қармен бірге ериді" "Мұндай пайыз қандай талаптар бойынша анықталды? Қазіргі уақытта жол жол емес, шұрық-тесік. Оның үстіне бұл қаланың басты орталық көшелері, қаланың шетіне қатысты айтпағанның өзінде! Біреу нақты көр соқыр немесе ақымақ бола қалуда!" – делінген басылымның астындағы наразы болған халықтың көптеген пікірлерінде.

Сонымен қатар, әкім пікірлердің біріне жауап беруді жөн көрген.

"Әкімдікке келіңіз, біз сізге құжаттар бойынша статистиканы көрсетеміз, содан кейін мұндай цифрлардың қайдан алынғанын көрсетеміз. Сонымен бірге сіз кәріз суы және нөсер суы жүйесінің тиімділігін көресіз", – деп жазды Сақтағанов.