Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Шыңғыс Айтматовтың әйелі өмірден озды

Мария Айтматова 1942 жылдың 13 шілдесінде Шу облысында дүниеге келген.

Шыңғыс Айтматовтың әйелі өмірден озды
Фото: ашық дереккөз

Қырғыздың халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың әйелі Мария Айтматова қайтыс болды. Жазушының әйелі ауруханада көз жұмған, әзірге оның неден қайтыс болғаны белгісіз. 

24.kg порталының хабарлауынша, жазушының келіні Сабира Айтматова осыдан бірнеше күн бұрын отбасы мүшелерінің барлығы коронавирус жұқтырғанын айтқан.

Мария Айтматова 1942 жылдың 13 шілдесінде Шу облысында дүниеге келген.

Айта кетсек, Шыңғыс Айтматовтың өзі 2008 жылы 10 маусымда Германияның Нюрнберг қаласындағы ауруханада өмірден өтті.

Шыңғыс Айтматов – «Жәмила», «Боранды бекет», «Құс жолы», «Қош бол, Гүлсары», «Ғасырдан да ұзақ күн» және тағы басқа шығармалардың авторы.