Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі, таңертең және күндіз жел күшейеді.
"Қазгидромет" 18 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағында жаңбыр мен қар жауады, деп хабарлады Paryz.kz.
"Қазақстан аумағының басым бөлігі циклон жылғасының және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады: кей жерде жаңбыр жауады, солтүстікте түнде жаңбыр мен қар жауады. Кей жерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста, батыста және солтүстік-батыста найзағай ойнайды", - деп хабарлады "Қазгидромет" өкілдері.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі, таңертең және күндіз жел күшейеді.
Жамбыл, Алматы облыстарында күндіз найзағай ойнап, жел күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман болады, күндіз жел күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда облыстарында күндіз кей жерлерде жел күшейіп, Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай соғады.