Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Қаскөйдің қолынан қаза тапқан Аяжан Еділованың денесі жер қойнына тапсырылды

Бұл хабарды "Не молчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі Facebook-тегі парақшасында жеткізді. 

Қаскөйдің қолынан қаза тапқан Аяжан Еділованың денесі жер қойнына тапсырылды
Фото: Аяжан Еділованың әлеуметтік желісіндегі парақшасы

Қылмыскердің қолынан қаза тапқан Аяжан Еділованың денесі жер қойнына тапсырылды, деп жазады Paryz.kz.

Бұл хабарды "Не молчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі Facebook-тегі парақшасында жеткізді. 

"Бүгін, 2021 жылдың 16 сәуірінде Аяжан Еділова жерленді. Көңілді, белсенді, табанды, еңбекқор қыз 20 наурызға қараған түні қылмыскердің құрбаны болған. Туыстары Аяжанның денесін мырыш табытқа салынған күйде алды. Орны толмас қаза, иманды болсын", - делінген жазбада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 19 жастағы Аяжан Еділованың туыстары бойжеткеннің жоғалып кеткенін айтып, көмек сұраған еді. Ол 19 наурызда кешке жұмыстан шығып, сол күйі үйіне қайтып оралмаған. Кейіннен ол өлі күйінде табылды. 

Оны өлтірді деген күдікпен 1993 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны ұсталған. Сондай-ақ құзырлы орган қыздың денесі бөлшектеліп, қоқыс жәшіктеріне жасырылғанын хабарлады.