Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Шымкенттік тұрғын бұрынғы әйелінің жылқысын ұрлап кетті

Ол жылқыны бар-жоғы 170 мың теңгеге сатып жіберген.

Шымкенттік тұрғын бұрынғы әйелінің жылқысын ұрлап кетті
Дереккөз: newtimes.kz

Түркістан облысы Түлкібас ауданының тұрғыны бұрынғы әйелінің бағасы жарты миллион теңге тұратын жылқысын қолды қылды, деп жазады Paryz.kz NewTimes.kz-ке сілтеме жасап. 

Әйел адам ұрланған жылқыны көріп, полицияға келіп арыз берген. Тәртіп сақшылары жылқы тұрған жер мен шаруа қожалығының маңын түгелдей тексеріп шыққан. 

Нәтижесінде әйел адамның жылқысын ұрлаған күдікті ретінде оның азаматтық некедегі бұрынғы күйеуі құрықталған. 

"Ер адам оны ақша үшін ұрлаған. Ол жылқыны бар-жоғы 170 мың теңгеге сатып жіберген"-дейді полиция өкілдері. 

Қазіргі таңда аталған іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал жылқы өз иесіне қайтарылған екен.