Кейін оның қайтыс болғанын білген соң, қалтасындағы ұялы телефоны мен 60 мың теңгесін ұрлап алады.
Шымкентте 19 жастағы жігіт ақсақалдың тамағын кесіп, онысын видеоға түсірген. Ол аздай сүйіктісіне мақтанғысы келген ол, қарияны өлтірген видеосын бойжеткенге жолдаған, деп жазады Paryz.kz NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай оқиға былтыр қарашада болған. Күдікті атасының "Қайнар Бұлақ" саяжай массивінде қонақта болған. Сол жерде ол атасының замандасымен ішімдік ішкен. Ал саяжай иесі ол кезде өз жұмыстарымен кеткен. Жігіт пен қария сол жерде сөзге келіп, жас жігіт оны соғып тастайды. Кейін әлсіреген ақсақалды қайтадан саяжайға әкеліп, жуыныдырып, тіпті үстелге қайта отырғызады. Сөйтіп екеуі тағы ішімдік іше бастайды.
Оқиға тағы да жанжалмен аяқталады. Бұл жолы жігіт бөтелке сынығымен зейнеткердің тамағын кесіп жіберген. Кейін оның қайтыс болғанын білген соң, қалтасындағы ұялы телефоны мен 60 мың теңгесін ұрлап алады. 19 жастағы жігіт осының бәрін видеоға түсіріп, сүйіктісіне мақтану үшін жіберген.
Бүгінде қылмыскер ұсталып, сот оны 13 жылға бас бостандығынан айырды. Ол өз жазасын қауіпсіздігі аса жоғары колонияда өтейді деп күтілуде.