"16 адам": Елімізде вакцина салған адамдар КВИ жұқтыруда

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді.

"16 адам": Елімізде вакцина салған адамдар КВИ жұқтыруда
Дереккөз: dw.com

Елімізде COVID-19-ға қарсы вакцина салдырған 16 адам коронавирус жұқтырды, деп жазады Paryz.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап. 
Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді.

"Бүгінгі таңда вакцинаны алғаннан кейін (бірінші және екінші кезең) коронавирус инфекциясын 16 адам жұқтырды. Осы жағдайлардың ішінде вакцинацияның екінші кезеңінен кейінгі соңғы күн - төртінші апта", - дейді құзырлы орган өкілдері.

Ведомство өкілдері коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейінгі иммунитет вакцинациялаудың екінші кезеңін алған сәттен бастап алты аптадан кейін қалыптасатынын атап өтті.

Естеріңізде болса, желіде тараған видеода қаза тапқан адамның туыстары, вакцина салдырғаннан кейін оның жағдайы нашарлап, қатты қалтырағанын айтып еді.