Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Балқаш аумағын өрт жалмады: зардап шеккендер бар

Қорықтағы өртті сөндіру үшін 9 адам мен 2 көлік жіберілгені айтылды.

Балқаш аумағын өрт жалмады: зардап шеккендер бар
Фото: дереккөз

Алматы облысында Балқаш ауданының аумағында болған өрттің видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарап жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, саяжайлар мен су көлігі өртеніп, бір адам зардап шекті. Тілсіз жау туралы толығырақ экология министрлігі айтып берді, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ.

Министрліктің мәліметінше, Алматы облысындағы ормандарда өрттің 2 жағдайы орын алған. Біріншісі - 14 сәуірде Балқаш аумағында. Өрт қатты желдің әсерінен Тауқұм орманына жеткен. Әуеден бақылауды бүгін "Казавиаорманқорғау" РМК ұшағы жүргізген. Ұшқыштың айтуынша, екпінді желдің бәсеңдеуіне байланысты өрттің таралуы тоқтаған.

Өртті сөндіруге Куртинск орман шаруашылығы КМУ-нен 30 адам, өрт сөндіру машинасы, трактор, 5 автомобиль, облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 6 адам, "Казавиаорманқорғау" РМК-ның 9 қызметкері, Желтораңғы ауылдық округінен 6 адам жұмылдырылды.

Өрт аумағы мен келтірілген шығын туралы ақпарат тілсіз жау оқшауланғаннан кейін қосымша беріледі. Өрттің екінші жағдайы 15 сәуірде Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи қорығында болды. Қызыл жалынның ошағы батпақты аймақ. Қорықтағы өртті сөндіру үшін 9 адам мен 2 көлік жіберілгені айтылды.

Алдын ала ақпарат бойынша, Балқаш қорығындағы өрттің салдарынан балық шаруашылығының екі субъектісіне материалдық шығын келген.