Дегенмен, үй маңындағы үш бірдей автокөлік зақымдалған болып шықты.
Бес қабатты тұрғын үйлердің бірінің балконының күнқағары құлап түсіп, үйдің біршама кірпіш бөлігін де қоса түсірді, деп хабарлады «Aqmola News».
13 сәуір күні күндізгі сағат 14.42 шамасында Кенесары көшесі, 25 мекенжайындағы бес қабатты тұрғын үйдің 10-шы пәтеріндегі балконның күнқағары құлап түскен. Онымен бірге біршама кірпіштер де құлаған.
«Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құрылымдары бесінші қабаттағы балкон деңгейінде ескі беткі кірпіштерді бұзу бойынша апаттан құтқару жұмыстарын жүргізді. Абырой болғанда зардап шеккендер болған жоқ», - деді Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінен.
Дегенмен, үй маңындағы үш бірдей автокөлік зақымдалған болып шықты.
Басқарма органына шұғыл тәртіпте тұрғындарды жинап жалпы жиналыста тұрғын үйді жөндеу, тұрғын үй нысанына осындай жағдайдың алдын алу бойынша тексеріс жүргізу, шатырдан су ағатынына ревизия жүргізу туралы тапсырма берілген.