Семейде Ертіске секіріп өлмек болған 30-дағы әйелді полицейлер құтқарып қалды

Белгілі болғандай әйел адам мұндай әрекетке жеке басында проблемалары бар болғандықтан барған. 

Семейде Ертіске секіріп өлмек болған 30-дағы әйелді полицейлер құтқарып қалды
Дереккөз: pikabu.ru

Семейде тәртіп сақшылары Ертіс өзеніне секіріп өлмек болған 30 жастағы әйелді құтқарып қалды, деп жазады Paryz.kz  КТК арнасына сілтеме жасап.

Әйелді байқаған тұрғындар бірден полиция шақырған. 

Оқиға орнына екі бригада келгенімен, әйелді бірден құтқарып алу мүмкін болмады. Десе де полиция қызды сөзге тартып, оны бұл әрекетінен бас тартуға көндірген. 

Белгілі болғандай әйел адам мұндай әрекетке жеке басында проблемалары бар болғандықтан бармашқы болған. 

Қала тұрғындарының айтуынша өзеннің бұл тұсы қауіпті екен. 

"Бізге өтіп бара жатқан адамдардан көпірде бір қыздың өзіне қол салмақ болғаны туралы хабарлама келді. Біз бұл қызға көмектесу үшін жедел шаралар қабылдадық", - деді патрульдік полиция батальон қызметінің инспекторыі Мейрам Ережепов.