Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Қайдағы жоқ боксер": футбол жанкүйерлері «Атырау» ФК басшылығының жұмыстан кетуін талап етті (ВИДЕО)

Өз командасының бірнеше қайтара жеңілісіне әбден ашулы жанкүйерлер әкімдіктен қайран болмаса, ел президентіне дейін барамыз деп отыр.

"Қайдағы жоқ боксер": футбол жанкүйерлері «Атырау» ФК басшылығының жұмыстан кетуін талап етті (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Атырауда футбол жанкүйерлері шу шығарды. Олар жергілікті «Атырау» футбол клубының басшылығының отставкаға кетуін талап етті. Олар жеңілістен көз ашпаған ойыншылардың сәтсіздігіне, клуб басшылығын кінәлайды, деп хабарлады Paryz.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Футбол алаңы бүгін айқай-шуға толы. Бірақ мұнда мач болып жатқан жоқ. «Атырау» футбол клубының жанкүйерлері басшылықтың жұмыстан кетуін талап етті. Олардың қазіргі құрамның ойынына көңілдері толмайтындарын ашық айтты.  

"Жергілікті балаларды ойнатса да жеңіледі, ойнатпаса да жеңіледі. 8 легионермен ойнаса да жеңіледі. Руководстваны полный ауыстыру керек. Қазиқановтан доверетельный қолдан алу керек, Ақтөбе Смақов барда доверетиленьниге өтіп кетті ғой, сосын кері алды, біз неге ала алмаймыз? Әлде біздің қанымыз жоқ па? Жанымыз жоқ па? Біз қашанғы шыдаймыз?", - деп ашуланды жанкүйер Жалғас Күзембаев.

Жанкүйерлердің айтуынша, футбол клубын 10 жыл бойы сенімгерлікке алған адамның, ала допқа еш қатысы жоқ. Ойыншылар осының сазайын тартып отыр дейді. Сондықтан олар жеңілістен көз ашпай келеді деп топшылайды.

"Ол кім адам, футболда жұмыс жасамаған. Ол біздің бюджетке 10 жылға отырды, бюджеттің ақшасын жейді-жейді де кетіп қалады. Все, қалады бәрі. Облыстағы администрация көзбен көріп отыр. Ноғаев кезінде незаконный передача призвыл без тендер, без ничего ешкімде білмейді. Заңсыз, бәлең рет бардық. Аким областной айттық, без движение отыр бәрі. Заңсыз. Қайдағы жоқ боксер, келіп футболды басқару деген.Басшыны менять надо", - деді жанкүйер Набежан Қуанышов.

Өз командасының бірнеше қайтара жеңілісіне әбден ашулы жанкүйерлер әкімдіктен қайран болмаса, ел президентіне дейін барамыз деп отыр. Өздерін аймақтағы өзге де футбол сүйер көпшіліктің қолдайтынына сенімді. Олар бас жаттықтырушы мен клуб директорын сұрақтың астына алды.

"Бұл - футбол. Біреу жеңеді, біреу жеңіледі. Астананың ойынын көрдіңіздер ғой, сәтті болмады 2:1, пенальти. Футбол болғандықтан мұндай нәрселер болады. Ойынға талдау жасадым. Жігіттер өздері жіберген қателіктерін біледі. Қазір дайындалып жатырмыз. Нағыз жанкүйерлер команданы қиын кезде қолдайтын еді. Жігіттерді қолдауларыңызды сұраймын", - деді «Атырау» ФК бас жаттықтырушысы Арам Восканян.

"Нәтиже нағыз болмаған жағдайда, командамыз қайтадан выживания өмір сүріп жататын болса,өзіміз кетуге дайынбыз. Басшылық өзі жауап берер, өз басым кетуге дайынбыз", - деді «Атырау» ФК директоры Қоныспай Шпанов.

Айта кетейік, «Атырау» командасының 28 ойыншының 8-і легионер. Биыл жоғары лигада ойнау үшін облыстық бюджеттен 1 миллиард 200 миллион теңге бөлінген. Клуб ертең  «Жетісу» командасымен кездеседі.