14.04.2021, 21:00

Петропавлда 35 жастағы әйел үшемдерді дүниеге әкелді

Дереккөз: stan.kz

Дәрігерлер үшемдердің салмағы 2,6, 2,4 және 2,1 келі дейді. 

Петропавлда 35 жастағы әйел үшемдерді дүниеге әкелді. Ол екі ұл мен бір қыз баланы өмірге кесарь тілігі арқылы әкелген. 

"14 сәуірде көп салалы облыстық аурухананың перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді - екі ұл мен бір қыз. Анасы Ақжар ауданы, Талшық ауылының тұрғыны. Отбасында тағы үш бала бар", - деп хабарлады СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнара Қалиева.

Дәрігерлер үшемдердің салмағы 2,6, 2,4 және 2,1 келі дейді. 

"Анасы қазір жансақтау бөлімінде. Оған кесарь тілігі арқылы ота жасалды", - деп қорытындылады баспасөз хатшысы.

Бұған дейін үшемдер Петропавлда 2013 жылы және былтыр дүниеге келген.