Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

ШҚО-да үйіне қызды зорлықпен кіргізбек болған шенеунік қызметінен кетіп тынды

Жиын барасында шенеунік кінәсін мойындап, оқиғаның расымен болғанын айтқан.

ШҚО-да үйіне қызды зорлықпен кіргізбек болған шенеунік қызметінен кетіп тынды
Дереккөз: Tengrinews.kz

ШҚО-да мәдениет басқармасының басшысы Мирас Жұмағұлов қызметінен кетіп тынды. Бұл туралы NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Paryz.kz жазады. 

Мәдениет басқармасы басшысы Мирас Жұмағұлов қызметінен босатылуы туралы шешімді облысы әкімі Даниал Ахметов қабылдап, 2021 жылы 13 сәуірде тиісті қаулыға қол қойған. 

Естеріңізде болса, бұған дейін әлеуметтік желіде шенеуніктің караокеде бойжеткенмен тығыз байланыста болып, кейін оны үйіне дейін әкелуімен аяқталғаны белгілі болған еді. Десе де сол жерде бойжеткен үйге кіруден бас тартып, тіпті полиция шақырмақ болады. Сол кезде шенеунік оның ұялы телефонын тартып алмақ болған. 

Кейін оқиға орнына полицейлер келіп, екеуіне де әкімшілік хаттама толтыртқан. 9 сәуірде күні Мирас Жұмағұловқа қатысты әдеп кеңесінің отырысы өтіп, онда өңірлік мәдениет басқармасы басшысының қылығы қоғамдық резонанс тудырғанын және мемлекеттік қызметкерлердің беделін түсіргені айтылған. Жиын барасында шенеунік кінәсін мойындап, оқиғаның расымен болғанын айтқан. Сондай-ақ ол осы әрекеті үшін әкімшілік айыппұл төлегенін хабарлаған. Кеңес мүшелері бірауыздан Мирас Жұмағұловты мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіргені үшін және теріс мінез-құлқы үшін қызметінен босату туралы шешім қабылдаған болатын.