Оның айтуынша досы жалған келісімшарт жасап, оны 257 миллион теңгеге алдап кеткен.
Алматыда халықаралық компанияда қызмет еткен келіншек жанайқайын жеткізді. Ол шендінің ұлына алданып, 257 миллион теңгесінен айырылып қалған, деп жазады Paryz.kz Nege.kz-ке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай келіншек өмір бойы жиған-терген ақшасынан айырылып қалған. Басылымның мәліметінше шенеуніктің ұлына алданып қалған Алтынай есімді келіншек, бүгінде хостелде екен.
Оның айтуынша Олжас есімді досы жалған келісімшарт жасап, оны 257 миллион теңгеге алдап кеткен. Шенеуніктің ұлы оған Қызғызстаннан картоп әкеліп, қаладағы ірі сауда орталықтарына жеткізетін боламыз деп алдаған екен. Күдікті бүгінде қамауға аланған. Алайда Алтынай іс өте баяу жүріп жатыр дейді.
"Күдіктінің әкесі белді азаматтардың бірі болғандықтан, Олжаспен де арадағы сегіз жылдық таныстығымызға сеніп ақшаны еш ойланбастан қолына ұстатып едім", – дейді келіншек.
Келіншек алаяқ материалдық шығынын өтеп, тиісті жазасын алса дейді.
Анықталғандай, келіншекті алдап соққан Олжас Сыдықов 25 жыл Сенат аппаратында басшылық қызмет атқарған, қазіргі Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Серік Сыдықовтың ұлы болып табылады.