Көліктен оқ атылуы мүмкін деген нұсқаны жоққа шығармаймыз.
Әлеуметтік желіде жедел жәрдем көлігіне оқ атылған видео пайда болды. Белгілі болғандай оқиға Ақмола облысы Щучинск қаласында орын алған, деп жазады Paryz.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде тараған видеода оқиға куәгерлері оның қалай өрбігенін айтқан.
"Шоссейная көшесінің бойымен кетіп бара жатқанбыз. Атылған оқтың дауысы естілді. Көліктің ішінде "Авицена-Бурабай" ауруханасына алып бара жатқан науқас болған", - деді олар.
Аталған жайтқа қатысты денсаулық сақтау басқарамасы түсініктеме берді.
"Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде кешкі 22.10 шамасында жедел жәрдем көлігінің терезесі сынғаны рас. Көліктен оқ атылуы мүмкін деген нұсқаны жоққа шығармаймыз. Зардап шеккендер жоқ", - дейді Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Бүгінгі күні құзырлы органдар осы оқиғаға байланысты тергеу жұмыстарын бастады.