Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"600 млн теңге": жұртты алдаған тағы бір қаржылық ұйымның былығы әшкере болды

Алматыда 120-дан астам азаматты алдап соққан тағы бір компания анықталды. Тәртіп сақшылары 

"600 млн теңге": жұртты алдаған тағы бір қаржылық ұйымның былығы әшкере болды
Дереккөз: inform.kz

Алматыда тағы бір компанияның қызметі қаржылық пирамида ретінде танылды. Бұл туралы caravan.kz-ке cілтеме жасаған Paryz.kz жазады.

Алматыда "Astra Consulting agency» ЖШС қызметі қаржылық пирамида ретінде танылды. Басылымның мәліметінше, Алматы қаласының Полиция департаментіне  компанияға қысты алғашқы шағым 2019 жылдың желтоқсан айында түскен. Бүгінде компания кесірінен алданып қалған азаматтардың саны 124 адамды құрап отыр. 

"Азаматтарды ақша салуға тарту және ай сайынғы девиденттерді төлеуге уәде беру бойынша бірқатар алаяқтық іс-әрекет жасады деген күдікпен компанияның алты қызметкері ұсталып, қамауға алынды. Оның жетекшісі халықаралық іздеуге жарияланды. Күдіктілердің іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігі (Қаржылық пирамида) бойынша квалификацияланған. 124 салымшыға келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 601 245 283 теңгені құрады. Басқа жәбірленушілерді анықтау жұмыстары жалғасуда", – дейді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.