Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Бір адамның ұрығын екі рет пайдалануға болмайды" - Бекболат Тілеухан

 

Бұл дегеніміз, елдің түкпір-түкпірінде 20 отбасында бір әкеден 20 бала дүниеге келеді деген сөз. 
 

"Бір адамның ұрығын екі рет пайдалануға болмайды" - Бекболат Тілеухан
Дереккөз. kazbilim.kz

Танымал депутат Бекболат Тілеухан Қазақстанда экстракорпоралдық ұрықтандыру (ДТҰ) рәсімдері үшін биоматериал донорларының бірыңғай базасы болуға тиіс деп, дабыл қақты, Оның айтуынша ер адамның ұрығын бір реттен артық пайдалағуа болмайды екен. Бұл туралы Paryz.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Депутат заң бойынша елде 35 жасқа дейінгі ер адам ұрық доноры бола алатынын айтты.

"Мен эко-донорлық мәселесін көтергім келеді. Заң бойынша бізде 35 жасқа дейінгі ер адамдар донор бола алады. Ең бастысы, ер адам сау және оның жақсы генетикалық коды бар болуы керек, ол шәуетін тапсыра алады. Ол өзінің ұрығын қанша рет тапсырады, бұл оның жеке қалауы бойынша, ешқандай шектеулер жоқ. Сауалнамада оның бойы, мамандығы, сыртқы келбеті көрсетіледі, каталогтан ұнағанын таңдауға болады", - деді Тілеухан.

Десе де ер адамдардың бір реттен артық ұрық донор бола алмау жағы заңдастырылмаған екен. Сол себепті бір ер адамның ұрығынан бірнеше бала дүниеге келуі мүмкін дейді. Ал олар болашақта бір-бірімен үйленіп жатса, тіпті қиын болады дейді депутат. 

"Бұл дегеніміз, елдің түкпір-түкпірінде 20 отбасында бір әкеден 20 бала дүниеге келеді деген сөз. Олар бір-біріне үйлене алады. Мұнда әйелдер бар, сондықтан егжей-тегжейлі айтпаймыз. Бір әкеден туған адамдардың үйленуіне жол бермеу, науқас балалардың санын азайту үшін, менің ойымша, бұл өте маңызды мәселе. Сондықтан болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтау мақсатында мен мынаны ұсынғым келеді - Қазақстан бойынша шәуетке арналған бір ғана база болуы тиіс. Донорлар сперманы тек сол жерде тапсыруы керек және тек осы базадан ақпарат алу керек", - деді ол.  

Оның айтуынша бұл мәселеде ашықтық болу керек екен. 

"Бір адамның ұрығын екі реттен артық пайдаланбау керек. Бұл мәселеде ашықтық болуы керек деп ойлаймын, - деді депутат.