Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Еліміздің кинотеатрлары мен караоке барларының жұмысы қайта жанданады

Айта кетейік, Ashyq - қоғамдық орындарда келушілерді тіркеу қосымшасы.

Еліміздің кинотеатрлары мен караоке барларының жұмысы қайта жанданады
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясов Ashyq жобасы туралы жаңа қаулы шығарды. Оған үш кезең ішінде кинотеатрлар, театрлар, караоке, концерт залдары және басқа да бірқатар мекеме кіреді Paryz.kz.

Қаулыда бірінші кезеңде 14 сәуірден бастап жобаға мына мекемелер қатыса алатыны айтылған:

1)  кинотеатрлар;

2)  театрлар және филармониялар;

3)  банкет залдарын, асхана, фаст-фуд, стрит-фуд үлгісіндегі объектілерді қоспағанда қоғамдық тамақтану объектілері;

4)  ерікті қатысушылар;

Екінші кезеңде 2021 жылғы 21 сәуірден бастап:

1) облысаралық және қалааралық жүйелі месе (туристік) тасымалдар;

2) бильярд клубтары;

3) концерт залдары;

Үшінші кезеңде 2021 жылғы 5 мамырдан бастап:

1) караоке;

2) жасыл аймақтағы банкет залдары (толтырылуы бір залда 50 адамға дейін, 1 келушіге кемінде 4 ш. метр).

Айта кетейік, Ashyq - қоғамдық орындарда келушілерді тіркеу қосымшасы. Қоғамдық орынға кіреберісте пайдаланушы арнайы QR-кодты сканерлеп, оны әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Келушілерге статус ПТР-зерттеулерінің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы COVID-19-ды бақылау орталығы ақпараттық жүйелерін салыстыру негізінде тағайындалады.

"Қызыл" түс адам ПТР-тест тапсырып, оң нәтиже шықса беріледі. Осы статустың иесі үйде оқшаулану режимін қатаң ұстануы керек.

"Сары" түс науқас адаммен байланыста болған адамдарға беріледі. Оларға азық-түлік немесе үй жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етіледі, бірақ басқа нысандарға баруға тыйым салынады.

"Көк" түс ПТР-тестілеу тапсыру міндетті орындардан (мысалы, әуежай) басқа барлық жерге бару рұқсат.

"Жасыл" түс - жүріп-тұруға толығымен рұқсат береді.

QR-код бизнес субъектілеріне ғана беріледі. Бір нысанға кіреберісте және шығаберісте ең кемі екі QR-код беріледі. Мекемеде бірнеше кіріп-шығу жолы болса, онда әр кіреберісте жеке QR-код болады.