Депутат Айдос Сарымның әкесі дүниеден өтті

Пандемиядан туындаған талаптарға сай ырым-жоралғыларды шектеуге мәжбүрміз.

Депутат Айдос Сарымның әкесі дүниеден өтті
Дереккөз: stan.kz

Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның әкесі Әміролла Сарым қайтыс болды. Бұл туралы депутат өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді, деп жазады Paryz.kz.

Белгілі болғандай Әміролла Сарым 70-тен асқан шағында дүниеден өткен.

"Асқартаудай әкеміз, қазақ телевизиясының ардагері Әміролла Саримов дүниеден озды. Пандемиядан туындаған талаптарға сай ырым-жоралғыларды шектеуге мәжбүрміз", - деп жазды ол.

Саясаттанушы көңіл айтып, жұбатып жатқан барлық қазақстандықтарға алғыс айтқан.

Қазақ телевизиясының майталманы Әміролла Сарымды соңғы сапарға Алматыда, сәрсенбі күні шығарады.