Жаңа танысымен қонақ үйде кездескен қыз алданып қалды

Ұрлық жасады деген күдікті ұсталды, ол бұрын бірнеше рет сотталған.

Жаңа танысымен қонақ үйде кездескен қыз алданып қалды
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтанда жігіт қызбен кездесуден кейін оны тонап кетті, деп хабарлады елорда полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Paryz.kz.

Жастар әлеуметтік желіде танысып, бір-екі ай хат жазысып, кейінірек бетпе-бет кездесуге шешім қабылдаған.

"Хат алмасқаннан кейін олар кездесуге келіскен, жігіт өзінің жаңа танысын қонақ үйге шақырған. Оңаша отырыстан кейін қыз алтын бұйымдарын шешіп, ұйықтап қалған. Күдікті осыны пайдаланып, жәбірленушінің 100 мың теңге тұратын зергерлік бұйымдарын ұрлап, таңғы сағат төртте қонақүйден шығып кеткен", - деп хабарлады полиция.

Ұрлық жасады деген күдікті ұсталды, ол бұрын бірнеше рет сотталған.

Ер адам кінәсін мойындады, оның елорда аумағында бұған дейін жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.