Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

23 жастағы жігіт әкесімен жасты адамды саунаға кіргені үшін соғып тастады

Оны білген күдікті, кочегарды не себепті соққанын сол күйі дұрыс түсіндіре алмады.

23 жастағы жігіт әкесімен жасты адамды саунаға кіргені үшін соғып тастады
Дереккөз: newtimes.kz

Ақмола облысы Бурабай ауданында 23 жастағы жігіт 49 жастағы ер азаматты еш себепсіз ұрып тастады, деп жазады Paryz.kz NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 10-шы сәуір күні болған. Ақмола облысы АІБ-не сауна әкімшісі хабарласып, болған жайтты айтқан.

Ақмола облысы ПЛ баспасөз қызметінің хабарлауынша күдікті саунада достарымен демалып отырған. Ал одан кетерінде оның кочегарын еш себепсіз соғып кеткен.

"Күдіктінің айтуынша, ол достарымен саунада отырғанда, кочегар олар отырған жерге еш себепсіз кіріпті. Оның бұл қылығы күдіктіге ұнамай қалыпты-мыс. Десе де бейнебақылау камерасынан мұндай сәт көрінбейді. Оны білген күдікті, кочегарды не себепті соққанын сол күйі дұрыс түсіндіре алмады",-дейді олар.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары аталған оқиғаға қатысты ҚР ҚК "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.