Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Жидебайға барып, Абайды оқытады": 82 жастағы қарт ұстаз онлайн сабақ беріп жүр

Қатты сағынғандығым сол кейбір сабақта үйде отырғанда көзіңе жас та келеді

"Жидебайға барып, Абайды оқытады": 82 жастағы қарт ұстаз онлайн сабақ беріп жүр
Дереккөз: Еуразия арнасы

Алматы облысы, Қарасай ауданының 82 жастағы зейнеткер ұстазы Ақылия Бекбаева жасы егде тартқанына қарамастан, онлайн сабақ беріп, шәкірттерге Абайды танытып жүр, деп жазады Paryz.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Ақылия Бекбаева 60 жыл өмірін шәкірт тәрбиелеуге жұмсаған. Ол бүгінше көштен қалмай, Қарасай ауданындағы мектептердің бірінде 11 сыныа оқушыларына "Абайтану" пәнінен сабақ беріп жүр. Қарт әжей бұған дейін де өмір бойы қазақ тілі және әдебиеті пәнінен сабақ берген.

Былтырғы оқу жылынан бастап онлайн оқуға көшкелі бері, зейнеткер оны да меңгеріп, оқушыларға онлайн сабақ беріп жүр.

Десе де қария онлайн сабақтан гөрі, әрине оқушыларды жүзбе-жүз көргенге ештеңе жетпейді дейді.

"Қатты сағындым, әрқайсының көзін көргім келеді, сөзін естігім келеді. Қатты сағынғандығым сол кейбір сабақта үйде отырғанда көзіңе жас та келеді",-дейді ұстаз.

"Абай әлемі" кабинетін брендке айналдырған әжей, құдай қуат берсе әлі де шәкірттер тәрбиелей беруді жалғастыра бермек. Сондай-ақ ол жасының үлкендігіне қарамастан, оқушыларды Жидебайға да апарып жүр екен.

"Ақылия Бекбаевамыз біздің қазіргі білім берудің заманауи трендтеріне көңіл бөле отырып, жетік меңгеріп зум платформасымен, онлайн мектеппен және басқа да қашықтан оқыту технологияларын меңгеріп білімін беріп отыр",-дейді Абай атындағы мектеп-гимназиясының директоры Тұрсын Сабырова.

Ұлағатты ұстаз бүгінде үш бала, сегіз немере мен шөбере тәрибиелеп отырған бақытты әже.