Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

"Шешеңді өлтіремін деді": алып қашу құрбаны болған Айзаданың анасы өз шындығын айтты

"Бір күні ол қыздың қолын бұрып, менің қызым болмасаң, анаңды өлтіремін" деген.

"Шешеңді өлтіремін деді": алып қашу құрбаны болған Айзаданың анасы өз шындығын айтты
Дереккөз: stan.kz

Қырғызстанда алы-қашу құрбаны болған Айзада Қанатбекованың өліміне қатысты анасы өз шындығын айтты, деп хабарлады Paryz.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Айзада Қанатбекованың анасы Назгүл Шәкенованың сөзінше Замирбек Теңізбаевпен ол Instagram желісі арқылы танысқан. Арада біраз уақыт өтіп, бір-бірін жақын танығаннан кейін, жігіт бойжеткеннің жұмыс орнына барып, үйлену туралы ұсыныс айтады. Алайда қыз оған келіспей, бас тартқан.

Анасының айтуынша, алып қашқан күні, әріптестері Айзаданың жұмысқа келмегенін айтып, оған қоңырау шалған. Бастапқыда қыздың анасы мен оның әпкесі бәрі жақсы болатынына үміттенгенімен, кейін оны үйден таппаған соң, полицияға хабар берген.

Тәртіп сақшылары оларға қызды ұрлап кеткенін, ол камераға түсіп қалғанын айтқан. Сөйтіп видеоны көрсеткенде, олар жігітті танып, дабыл қаққан.

"Ол кезде телефоны қосулы болды, бірақ ол жауап бермеді",-дейді қыздың жақындары.

Амалы таусылған туыстары алып қашқан видеоны әлеуметтік желіге жүктеген. Сондай-ақ олар Замирбектің қызды қорқытқанын да жеткізді.

"Бір күні ол қыздың қолын бұрып, менің қызым болмасаң, анаңды өлтіремін» деген. Қыз қорқып, одан құтылу үшін, Түркияға кетпекші болға",-дейді туыстары.

Кейін Айзаданың құрбыларына Замирден қорқатынын, оның психикалық ауытқулары бар екенін, сол себепті уақыт созып, кейін елден кеткісі келіп жүргені белгілі болған. Құрбылары жігіттің үстінен арыз жаз деп айтқанымен, Айзада қорыққаннан жазбағанын айтқан.

"Ол жігіттің көздері ойнап тұратын. Бірақ бетіме қарауға қорқатын. Егер ол мендік болмаса, ешкімге бұйырмайды деп айтқан",-дейді Айзаданың құрбылары.

Естеріңізде болса, Айзада Қанатбекованы алып қашуға қатысты оқиға қоғамды дүр сілкіндірген еді. Кейін 5-сәуірде алып қашқан қыз көлікте өлі күйінде табылғаны, оның алып қашқан жігітінің өлтіргендігі және сосын өзіне қол жұмсағандығы анықталған еді.