Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

"Бастысы - үміт үзбеу керек": Санжар Мәди коронавируспен қалай күресіп жатыр?

Актер бірнеше күннен бері дәрумендер ішіп, үй жағдайында жасалатын емдер жасау арқылы қалпына келгенін мәлімдеді.

"Бастысы - үміт үзбеу керек": Санжар Мәди коронавируспен қалай күресіп жатыр?
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық актер Санжар Мәди 20 күн коронавируспен ауырып, карантинде болған. Ол коронавируспен күресудің жолдарымен Instagram-дағы парақшасында бөлісті, деп жазады Paryz.kz.

Актер бірнеше күннен бері дәрумендер ішіп, үй жағдайында жасалатын емдер жасау арқылы қалпына келгенін мәлімдеді. Және өз тәжірибесінен өткен дәрумендердің тізімін халыққа ұсынды.

"20 күннен астам карантинде жатырмын. Енді қалпыма оралатын уақыты келді. Мен коронавирустың белгілері туралы айтпай-ақ қояйын, одан да қалай қалпыма келгенімді жазғаным дұрыс.
1. С дәрумені
2. Магний
3. Кальций
4. Альхадая (қара зире)
5. Омега 3
6. D-3 дәрумені
7. Мультивитамин кешені
8. Чага және Босвелия сығындысы
9. Вайда тамыры шайы
10. Шуанг Хуан Лянның қайнатпасы
11. Күніне кем дегенде 2 литр лимон мен зімбір қосылған су 
12. Аспирин
13. Позитив
14. Теңіз 

Өкінішке орай, карантинге байланысты аздап салмақ қостым, қазір оны қалпына келтіруге деген құлшынысым бар.  Ең бастысы – үміт үзбеу керек, бәрі жақсы болады!", - деп жазды актер.