Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

"СЭС-тің түрі - сабын жоқ, еден кір": блогерлер Бекшиннің бөлмесіне басып кірді (ВИДЕО)

Олар департамент басшысы Жандарбек Бекшиннің зейнет жасына шығуына байланысты жұмыстан кетуін талап еткен.

"СЭС-тің түрі - сабын жоқ, еден кір": блогерлер Бекшиннің бөлмесіне басып кірді (ВИДЕО)
Дереккөз: stan.kz

Танымал блогерлер Жанар Құсайынова мен Ринат Кибраев Алматының бас санитер дәрігері жұмыс істейтін қалалың қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне басып кірді, деп жазады Paryz.kz.

Блогерлердің Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысы Жандарбек Бекшиннің жұмыс орнына басып кірген видеосы YouTube-тегі LIFE KZ арнасында пайда болған. Онда блогерлердің кеңсенің ішіне кіріп, рейд жасағанын анық көруге болады.

"СЭС жұмысын тексеруге келдік, сіздерді де біреу тексеру керек қой",-дейді видеода блогерлер.

Олардың айтуларынша, СЭС кесірінен қойылатын шектеулер бизнеске тұсау болып отыр екен. Олар департамент басшысы Жандарбек Бекшиннің зейнет жасына шығуына байланысты жұмыстан кетуін талап еткен.

"Бекшин Zoom-да жиналыс өткізіп жатыр. Біз онда орынбасарлармен кездесеміз",-деген белсенді блогерлер департаменттің әр бөлмесіне кіріп, ондағы шенділермен тілдесуге тырысқан.

Рейд барысында әжетханаға кірген олар, ондағы еденнің кір, кей жерлерде тіпті плиткалардың құлап жатқанын көрген.

"Сабын жоқ, плиткалар құлап жатыр, еден кір, айналар айғыз-айғыз",-дейді белсенділер.

Видео соңында департамент қызметкерлері полицей шақырған. Сосын блогерлер Бекшиннің қабылдауына жазылып, келесі күні келетін болып келіскен.