Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Мен ұлтқа қауіпті адам екенмін": Айгүл Орынбек өзін "фашист" деп атағандарды орнына қойды

Қаныңның тазалығын айтып, жеті атадан қыз алыспайтындығынды жазсаң тағы да фашиссің!

"Мен ұлтқа қауіпті адам екенмін": Айгүл Орынбек өзін "фашист" деп атағандарды орнына қойды
Фото: дереккөз

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек жазбаларының астына өзі туралы жаман пікір қалдыратындарға жауап берді, деп жазады Paryz.kz.

Ол өзін "фашист" деп атағандарға нақты дәлелдер келтіре отырып, халық сөзін сөйлеп жүргенін айтып, ашуға булықты. Өзін қаралағандарды орнына қою мақсатында заңгер Facebook-тегі парақшасына көлемді жазба қалдырды.

«Қазақтың қаны таза, жеті атадан қыз алыспайтынын айту фашистік пе?
Қазақ тілінде сөйле десең, «фашист» дейді!

Қаныңның тазалығын айтып, жеті атадан қыз алыспайтындығынды жазсаң - тағы да фашиссің!
Өзге ұлтқа тұрмысқа шыққан ұнамайды (ол менің жеке көзқарасым). Ол жайлы ашық жазғаның үшін тағы фашиссің!

Сонда сендер үшін не жазуым керек? Қазақстан көп ұлтты мемлекет, «Қазақ сорлы», «бейшара», «қыздар, ия өзге ұлтқа тиіңдер!» деген жазба жазуым керек пе сонда?

Кешіресіңдер өзге ұлттарды сыйлаймын, құрметтеймін, достарым да көп. Бірақ өз ұлтымның артық жерін айтып мақтану, өзге ұлтты төмендету емес! Түріктердің өзі өздерінің ұлтымен қалай жоғары деңгейде мақтанады, ол рухтану миы бар адам ондайды түсінсе!?

Қай қазақтың қызы өзге ұлтқа шығар кезде менен рұқсат сұрап жатыр екен одан трагедия жасайтындай?! Мен түгілі туған әке шешесінің сөздеріне қарамай кетіп жатқан қыздар менің сөздеріме қарап, тоқтап қала ма екен?!» - делінген жазбада.

Айгүл Орынбектің ойынша, өзін қаралайтын пікірлер Шымкенттің әкімдігіне қатысты сыни жазба қалдырған кезде көбейе түседі екен. Осы сәтте ол хейтерлерге көңіл бөліп, өзі үшін күйіп-піскен оқырмандарына да алғыс айтуды ұмыт қалдырмады.

«Орыс тілді үш-төрт блогерге менің қазақи ескі дәстүрлі көзқарасым ұнамай қалыпты.
Мен көзқарасымды өзгерту керек екенмін. Мен ұлтқа қауіпті адам екенмін олардың ойынша!
Мен жазбаларымды соларға ұнайтындай, солар түсінетіндей жазуым керек екен.

Олардың жазбаларынан түсінгенім - бұл мемлекетте менен қауіпті адам жоқ екен!
Нағыз фашист кімдер екенін айтайын!
Фашист деп - миллиондап халықтың ақшасын жегендерді айтады!
Фашист деп - айдалада өзге елде жатып алып, өз елінен безіп, елдің ішіне іріткі салып жатқандарды айтуға болады!

Қытайлардың қолында қырылып жатқан қазақтардың мәселесі, міне, фашизм!
Менің өткен жазбаларымнан боқ іздеп отырғандарға айтарым!
Менің көзқарасымды өзгерту мүмкін емес, ол текпен беріледі!
Мен Қазақтығыммен, қазақи түсінігіммен мақтанамын!

Біреулерге ұнауға, оларға менің түсінігім ұнасын деп тықпаламаймын!
Ұнамай ма, блокқа қоя салыңдар! Малталарыңды езіп қажеті жоқ!
Ал оқырмандарыма айтарым, оларға көңіл бөліп қажеті жоқ, шайнаса шайнай берсін арқарай!
Шымкент қаласының әкімдігінің тағы бір екі бюджетін сұрасам, бұлардың қатары көбейе түседі. Сол себепті мән берудің қажеті жоқ!
Мен үшін жүректеріңіз ауырып жатқандарыңызға рахмет, қуанып қалдым», - деп аяқтады жазбасын.