"COVID-19-дың өршуі вакцинациялаумен байланысты": желіде вирусқа қатысты тағы бір ақпарат тарады

Автор тәжірибесіне сілтеме жасаған елдер арасында Израиль бар, оның айтуынша, ел халқының 57 пайызы COVID-19-ға қарсы егілген, бірақ аурушаңдықтың төмендеуі байқалмайды.

"COVID-19-дың өршуі вакцинациялаумен байланысты": желіде вирусқа қатысты тағы бір ақпарат тарады
Фото: Stopfake.kz

Қазақстандық Telegram-арналарда түрлі елде COVID-19 ауруын жұқтыру жағдайларының өсуі вакцинациялаудың басталуымен байланысты екені туралы видеоны таратып жатыр. Автор роликте ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен сарапшылардың пікірлерін емес, өз тұжырымдарын айтады, деп хабарлады Stopfake.kz

Роликте ресейлік психиатр София Доринская көрермендерге әртүрлі елдегі COVID-19 туралы Google статистиканың басып шығарылған кестелерін көрсетеді. Ол вирус жұқтырғандар саны көп болған және вакцинацияның басталуын белгілеп, инфекцияны жұқтырғандар саны халық егіле бастаған кезден өсе бастаған деген қорытынды жасайды.

Алдымен видео авторының иммунология, вирусология және эпидемиология саласындағы біліктілігіне назар аударайық. София Доринская интернетте ресейліктерге дәрігер-психиатр, блогер және "Эта сумасшедшая психиатрия" кітабының авторы ретінде белгілі. Айта кетейік, кітапта ғылымға қарсы, бұрыннан теріске шығарылған жалған ақпарат көп - мысалы, ультрадыбыстық зерттеуден тіндер "пісіп" қалады.

"Ал енді видеоға тоқталайық. Автордың аурушаңдықтың өсуін вакцинацияның басталуымен байланыстыруы негізсіз. Оның кестелерінде вакцинациядан бұрын әртүрлі елдердегі індетті жұқтыру жағдайларының өсуі мен төмендеуі орын алғанын байқауға болады. Қазіргі кезде вакцинация мен COVID-19 сырқаттанушылықтың арасындағы байланысты растайтын бірде-бір ғылыми зерттеу жоқ", - делінген сайтта. 

Автор тәжірибесіне сілтеме жасаған елдер арасында Израиль бар, оның айтуынша, ел халқының 57 пайызы COVID-19-ға қарсы егілген, бірақ аурушаңдықтың төмендеуі байқалмайды. Шын мәнінде, Израильде халықтың 80%-ы сәуір айының басында вакцинацияланды (мемлекет вакцинация бойынша әлемде көш бастап тұр). Ал ауру рекордтық деңгейге дейін төмендеді.

"Барлық зерттеуіміз бен бақылауларымыз жаппай вакцинация аурудың таралуын тоқтатудың жалғыз әдісі екенін көрсетті. Соңғы мәліметтер өте маңызды болжамды растады, вакцина коронавирустың жаңа штамдарына төтеп бере алады және сырқаттанушылық пен коронавирусты жұқтырудың алдын алады", - деді Израиль Денсаулық сақтау министрлігінің денсаулық сақтау бөлімінің бастығы Орли Гринфельд БАҚ-та.

Аурушаңдықтың өсуін вакцинациямен неге байланыстыруға болмайтыны қазақстандық сарапшылар да түсіндіріп өтті. ҚР санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова бүгінде Қазақстан аумағында қолданылатын вакцинаның жансыз екенін жеткізді. Онда вирустың бөлшектері жоқ, бірақ құрамында ақпарат беретін және вакцинациядан кейін денеде антиденелердің қалыптасуына ықпал ететін геннің бір бөлігі ғана бар.

"Вакцинация коронавирустық инфекциядан қорғайды. Бірақ вакцинацияның толық кешені, яғни екі дозасын алған кезеңде және иммунитет қалыптастыру үшін 60 күнге дейін уақыт кетеді, орта есеппен - 45 күн, адам індетті жұқтыруы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, ол адамда инфекцияны жұқтыруды болдырмау немесе жеңіл түрде ауыратындай қажетті антиденелер титрі жоқ. Сондықтан вакцинация індетті жұқтырумен және аурушаңдықтың өсуімен байланысты емес", – деді Айжан Есмағамбетова.