Өкінішке орай қалған 3 салмақтағы Мейіржан Шермаханбет, Олжас Сырлыбай, Георгий Цурцумиялар лицензиядан құр қалды.
Қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов грек-рим күресінен Олимпиада жолдамасын иеленді, деп хабарлады Paryz.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Айта кетерлігі, Алматы қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азиялық іріктеу турнирде Олимпиада лицензиялары сарапқа салынған болатын. 87 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Нұрсұлтан Тұрсынов финалға шығып, Токио ойындарының жолдамасын жеңіп алды.
Өкінішке орай қалған 3 салмақтағы Мейіржан Шермаханбет, Олжас Сырлыбай, Георгий Цурцумиялар лицензиядан құр қалды.
Ескеретін жайт, жеңіп алған лицензия спортшыға емес, мемлекетке беріледі.