Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Органның қызметкері зорламақ болды" деген бойжеткен "алаяқтық" бабы бойынша тергеліп жатыр (ВИДЕО)

Айя Өмірзақованың қорғаушысы Жанна Мухамади айыпталушының туыстары алғашқы күннен-ақ бойжеткенге ақша ұсынып, жазадан құтылмақшы болғанын айтты.

"Органның қызметкері зорламақ болды" деген бойжеткен "алаяқтық" бабы бойынша тергеліп жатыр (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

«Мені құқық қорғау органының қызметкері зорламақ болды» деген Алматы облысының тұрғыны Айя Өмірзақова өзіне жала жабылып, "алаяқтық" бабы бойынша тергеліп жатқанын айтты. Мән-жайды Azattyq Rýhy тілшісіне хабарлаған бойжеткеннің айтуынша, 7 сәуір күні өтуі тиіс сот отырысы кейінге қалдырылған.

«Алтыншы сәуір күні маған тергеуші хабарласып, менің үстімнен арыз түскенін мәлім етті. Мен айыпталушы Сабыржан Нарымбаевтан бір тиын ақша алған емеспін. Оның айыбы негізсіз және олардың ұсынысына көнбеген соң, олар маған осылайша моральдық тұрғыда қысым көрсетіп, сес білдіріп жатыр. Ешқандай негізсіз, дәлелсіз айып тағып отыр. Осының кесірінен 7 сәуірде өтуі тиіс сот отырысы кейінге қалдырылды. Бір шетінен уақыт созудың да амалы болар», - деді Айя.

Айя Өмірзақованың қорғаушысы Жанна Мухамади айыпталушының туыстары алғашқы күннен-ақ бойжеткенге ақша ұсынып, жазадан құтылмақшы болғанын айтты.

«Алғашқы күндері айыпталушы деп танылған құқық қорғау органының қызметкері мен қайын енесі қорғауымдағы жәбірленушінің үйіне келіп, моральды өтемақы ретінде «ақша ала сал» деген. Оның әйелі, үш баласы бар екенін айтып, аяушылық тудырған. Қыз ақша алудан бас тартып, іс сотқа дейін жетеді. Бірақ, айыпталушының әкесі мен қайын енесі мұнымен тоқтамай, жәбірленуші қыз «моральдық өтемақы ретінде ақша алып, кешірім бермей қойды» деп арыз жазады. Өзіңіз ойлап қараңызшы, құқық қорғау органының қызметкері жас қызды аяусыз ұрып, зорламақшы болып, өлтіретінін айтады. Ал, жас қыз әрең дегенде қашып құтылып, соңынан алаяқ болып шығады», - деп ашуланды адвокат.

Еске салсақ, 16 ақпанда Алматы облысының 25 жастағы тұрғыны Айяның таксиге отырып, кейін көлік жүргізушісі бойжеткенді алысқа апарып, зорламақшы болғанда, қашып кетуіне көмектескен үш куәгерге (жігіттер – авт.) іздеу жариялап, үндеу жасады. Ал, қызды зорламақ болған Сабыржан Нарымбаев құқыр қорғау органында қызмет атқарған.