Миллионерге тиесілі Sir Richard Sutton Ltd оның қаза болғанын растады.
Ұлыбританиядағы ең бай кәсіпкерлердің бірі, Лондондағы Sheraton Grand и Athenaeum қонақ үйлерінің иесі Ричард Саттонды өз үйінде өлтіріп кетті, деп жазады Stan.kz.
34 жастағы ер адам кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды. 7 сәуірде кешке белгісіз адам Дорсет округіндегі 83 жастағы кәсіпкердің үйіне кіріп, оған және оның жұбайына пышақпен шабуыл жасаған. Алған жарақаттарынан Ричард Саттон оқиға орнында көз жұмды, әйелі Бристольдегі ауруханаға жеткізілді. Миллионерге тиесілі Sir Richard Sutton Ltd оның қаза болғанын растады.
"Бүгін таңертең жарияланған сэр Ричард Саттонның кенеттен қаза болуына қатты қайғырып, күйзелдік. Сэр Ричард қамқор, жомарт адам болған, ол өзімен бірге жұмыс жасайтындарды шынымен құрметтейтін және оларға үлкен отбасының бір бөлігі ретінде қарайтын", - делінген компания хабарламасында.
БАҚ-тың хабарлауынша, полиция шабуылға күдікті 34 жастағы ер адамды ұстаған. Полицияның мәліметінше, қылмыскер мен марқұм бір-бірін танымаған. Саттонның байлығы 301 миллион фунт стерлингке бағаланады. Қонақ үйлерден басқа, кәсіпкердің жылжымайтын мүліктері және фермалары бар.