Сыра шығарудан Алматы қаласы, Алматы және Қарағанды облыстары көш бастап келеді.
Қазақстанда сыра мен арақ өндірісі өсіп, коньяк пен шарап жасау азайған, деп мәлімдеді Energyprom.kz.
Мысалы, 2021 жылдың қаңтар мен ақпан айларында еліміздегі компаниялар арақ өндірісін 3,6 млн. литрге дейін арттырды, яғни 23,8 пайызға өскен. Ал сыра 93,4 млн. литрге жетіп, оның өндірісі 5,4 пайызға көтерілді. Негізі, арақ өндіруден Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары алда тұр. Сыра шығарудан Алматы қаласы, Алматы және Қарағанды облыстары көш бастап келеді. Сонымен қатар жергілікті сыра қайнатушылар сұранысты қамтуды 93,7%-ға жеткізген.
Тек 2021 жылдың қаңтар айында Қазақстан 886,8 мың литр арақ пен ликер-арақ өнімдерін импорттаған. Бұл – бір жыл бұрынғыға қарағанда, бірден 2,8 есе көп деген сөз. Осы кезеңдегі сектордағы жеке өндіріс 2,9 млн. литрге жеткен. Биыл наурыз айының қорытындысы бойынша, алкогольді ішімдіктердің құны бір жылда 8,8% , ал бір айда 1% өсті. Ал жылдық динамикада арақтың бағасы – 8,9%, сыра 8%-ға қымбаттады.
2021 жылдың қаңтар айында Қазақстандағы арақтың бөлшек саудадағы бағасы литріне 3202 теңгені құрады. Ең арзан арақ Семейде (литрі 2698 теңге), Өскеменде (литрі 2702 теңге) және Таразда (литрі 2736 теңге). Ал еліміздегі ірі қалалардың арасында Нұр-Сұлтан, Атырау, Ақтауда арақтың бағасы қымбат. Жалпы, арақтың құны Қазақстанның барлық қаласында өсті. Жыл сайынғы бағаның едәуір өсуі Қызылордада (20,8 пайызға, литрі 3398 теңгеге дейін), Көкшетауда (15,9 пайызға, литріне 2872 теңгеге дейін) және Қарағандыда (15,1 пайызға, литріне 3390 теңгеге) тіркелді.