Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Көзіме көрінбе деді": Алматыда 8 баласы сыйдыртпаған 72 жастағы қария егіле жылады

Перзент болған соң балаларды сағынасың, көргің келіп тұрады.

"Көзіме көрінбе деді": Алматыда 8 баласы сыйдыртпаған 72 жастағы қария егіле жылады
Дереккөз: instagram/kel_tatulasaiyq

72 жастағы Қойшыбек Дербісбеков 8 перзентіне сыймай, 15 жылдан астам уақыт бойы көшеде қаңғып жүр. Балаларына бірнеше рет барған ол, оларды "сағындым" дейді, Бұл туралы Paryz.kz "Кел татуласайық" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бағдарламаға қонақ болып келген қария балаларының не себепті қолға алмағанын айтып берген.

"Үш рет бардым. Барғанымда көзіме көрінбе, бұл көшені ұмыт дейді. Біз сені қолға алмаймыз, бізді өсірмедің, өмір бойы далада қаңғып жүрдің дейді",-дейді қария.

Сондай-ақ ол балаларын сағынатынын айтып, бағдарлама студиясына еңіре жылады.

"Перзент болған соң балаларды сағынасың, көргің келіп тұрады",-деп жылады қария.

Студия қонақтары да қарияның көз жасын көріп, эмоцияға ерік берді. Олар:

"Адам емес, мал, хайуансыңдар, әкенің қадірін тірі кезде білу керек" деп өз ойларын ортаға салған.