Желіде дәрігерлердің су тасып жүрген суреті тарап кетті

Жаңатұрмыс ауылында көп жылдан бері су тартылмағандықтан, жергілікті мектеп пен аурухана қызметкерлеріне суды осылай тасып әкелулеріне тура келеді.

Желіде дәрігерлердің су тасып жүрген суреті тарап кетті
Дереккөз: Instagram/kris.p.original

Желіде дәрігерлердің су тасып жүрген суреті қызу талқыға түсті, деп жазады Paryz.kz.

Сурет Instagram-дағы парақшалардың бірінде пайда болған. Сурет авторы оған: "Жаңатұрмыс ауылында көп жылдан бері су тартылмағандықтан, жергілікті мектеп пен аурухана қызметкерлеріне суды осылай тасып әкелулеріне тура келеді. Не дейміз, технологиялар ғасыры деп еді...",- деп жазған.

Желі қолданушылары аталған суретті қызу талқылай жөнелген. Олар:

"Дамыған 30 елдің қатарындамыз", "Мұндайды тек дамыған елдерде көре аламыз", "Алматы жанындағы көп ауылдарда осындай жағдай" деген пікірлерін жаудырып жатыр.