Бозбала ауруханаға барар жолда қайтыс болған.
Ақмола облысында қайғылы жағдай орын алып, 16 жастағы студент бетон астында қалды. Бозбала ауруханаға барар жолда қайтыс болған, деп жазады Paryz.kz NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.
16 жастағы жігіттің үстіне көкөніс қоймасының төбесіндегі бетон құлап кеткен. Оқыс оқиға студент оқитын Ақмола облысы Есіл қаласы № 7 агротехникалық колледжі аумағында орын алған.
Бозбала аураханаға барар жолда жан тәсілім еткен.
Бүгінде оқиға ҚР ҚК 306 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енген.