Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

"Қазақтарды малға теңеді": Нұр-Сұлтанда әйелді балағаттаған такси жүргізушісі оқиғаға қатысты өз шындығын айтты

Әлгі әйел менің орысша білмейтініме тиісіп, маған дөрекі сөз айта бастады.

"Қазақтарды малға теңеді": Нұр-Сұлтанда әйелді балағаттаған такси жүргізушісі оқиғаға қатысты өз шындығын айтты
Дереккөз: inbusiness.kz

Елордада әйелді балағаттаған такси жүргізушісі оқиғаға қатысты бар шындықты жайып салды. Оның айтуынша, әйел адам оны орысша білмегені үшін балағаттап, «қазақтарды малға» теңеген, деп хабарлады Paryz.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Қапар Ахатұлы деген есімді елорда тұрғыны әйел адаммен арасында не себепті жанжал туындағанын түсіндіріп берген.

"Әлгі әйел менің орысша білмейтініме тиісіп, маған дөрекі сөз айта бастады. Сөзінше, өзі министрлікте жұмыс істейді екен. Бірақ мемлекеттік қызметте жүре тұра қазақша білмеймін дегеніне таңғалдым. "Мен министрлікте жұмыс істеймін, сені жұмысыңнан шығарып, түрмеге қаматамын" деп айтты. Бірақ қай ведомстводан екенін айтпай қойды. Балағаттауды өзі бірінші бастады, ауызынан ақ ит кіріп, көк ит шықты. Қазақтарды малға, қойға теңеді. Міне, осыны естіп ашуланып кеттім", - дейді такси жүргізушісі.

Сондай-ақ ол әйел адамның видеоға түсіріп отырғанын білмедім дейді.

"Мен оның видеоға түсіргенін білмей қалдым. Артында отырып, қасақана мені ашуландырып, камераға түсіріп отыр екен. Өзінің маған не айтқанын көрсетпепті. Жаман сөз айтқаным рас, бірақ ол неге қазақтарға сөз тигізеді?" - деп қосты ол.

Оның айтуынша, оқиға сотпен аяқталып, ол 10 АЕК (29 170 теңге) айыппұл төлеген. Сонымен бірге сотта әйел адамның мемлекеттік қызмет емес, волонтер екені анықталды.

Айта кетейік, бұған дейін , бұған дейін Нұр-Сұлтанда такси жүргізушісі мен қазақша білмеген әйелдің арасында даулы оқиға болғаны туралы хабар тараған еді.