Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Жуырда тек әйелдерге арналған «Ұмай» атты жаңа ипотекалық бағдарлама басталады

Егер отбасының табысы 200 мың теңгеден аспайтын болса: несие сомасы - тұрғын үйді бағалау құнының 85%-на дейін.

Жуырда тек әйелдерге арналған «Ұмай» атты жаңа ипотекалық бағдарлама басталады
Фотоколлаж

12 сәуірде «Отбасы банктің» әйелдерге арналған «Ұмай» атты ипотекалық бағдарламасы басталады, деп мәлімдеді Банктің баспасөз қызметі.

Жаңа бағдарлама несиені 15% бастапқы жарнамен немесе депозитке салым салмай-ақ рәсімдеуге мүмкіндік береді. Бағдарламаға қатысу үшін отбасының жалпы табысы 320 мың теңгеден аспауы тиіс.

«Бағдарлама бойынша несие мөлшерлемесі 12%, тұрғын үй қарызына ауысқан кезде несие мөлшерлемесі жылдық 3,5%-ке дейін төмендейді. Атыңыздағы баспананың бар-жоғы маңызды емес. Бағдарлама бойынша тұрғын үйдің ең жоғары құны - 30 миллион теңгеге дейін», - делінген хабарламада.

Егер отбасының табысы 200 мың теңгеден аспайтын болса: несие сомасы - тұрғын үйді бағалау құнының 85%-на дейін. Мәселен, пәтерді бағалау құны 10 млн теңге болса, несиеге 8,5 млн теңге дейін алуға болады

Егер отбасы табысы 320 мың теңгеден аспайтын болса: несие сомасы - тұрғын үйді бағалау құнының 80%-на дейін. Мәселен, пәтерді бағалау құны 10 млн теңге болса несиеге 8 млн теңге дейін алуға болады

«Ұмай» әйелдер ипотекасы бойынша қаражатты тұрғын үйді алғашқы немесе қайталама нарықтан сатып алуға да, жылжымайтын мүлікті жөндеуге де пайдалануға болады. Жөндеу жұмыстарына 3 700 000 теңгеге дейін алуға болады. Шарт бойынша клиент жөндеу жүргізілетін тұрғын үйдің меншік иесі немесе бірнеше меншіктерінің бірі болуы тиіс.

Егер клиенттің табысы жеткіліксіз болса онда заемшы ретінде кез келген 1 немесе 2 адамды шақыруға болады. Несиенің ең ұзақ мерзімі - 25 жыл», - делінген хабарламада.