Белгілі болғандай, ер адам көпсалалы ауруханада 26 науыздан 1 сәуірге дейінгі аралықта емделген.
Оралдық 65 жастағы ер адам коровирустан емделіп жатқан ауруханасынан қашып кетті. Аурухана басшылығы бүгінде Анатолий Максинге іздеу салды, деп жазады Paryz.kz NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, ер адам көпсалалы ауруханада 26 науыздан 1 сәуірге дейінгі аралықта емделген.
"Ол белгісіз себептермен медицина мекемесінен кетіп қалған. Зейнеткер әйелі мен ұлымен бірге тұрады. Бірақ өз үйіне бармапты", - дейді өңірлік ПД баспасөз қызметі.
Құқыққорғаушылар мен еріктілер жоғалған азамат жайлы ақпарат таратқан.
Облыстық аурухана директоры Арман Байдеуовтың сөзінше, компьютерлік томография науқас өкпесінің 50 пайызы зақымданғанын көрсеткен. Ол вирусқа, бактерияға қарсы препараттар мен антикоагулянттар қабылдап жүрген екен. Өзін адекватты ұстаған. Алайда, тексеріс барысында өз орнында болмаған.
Полиция ер адамды көріп-білгендер болса, 102 номеріне хабарласуды сұрайды.